+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Колония қызметкерлері Қостанайда тұрғындарды өрттен аман алып қалды

2019 жылғы 5 желтоқсан 09:47
Бөлісіңіз:
Колония қызметкерлері Қостанайда тұрғындарды өрттен аман алып қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Колония қызметкерлері Қостанайда тұрғындарды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында 24 жастағы қызды трактор басып кетті Қызылордада көкөніс дүкені өртке оранды 19 жастағы америкалық Пентагон маңындағы көлікті жармақ болған

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қостанай қаласында орналасқан қатаң режимдегі колония қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына іргелес жатқан учаскелерді тексеру барысында жанында орнласқан үйлердің бірінен түтін мен оттың тұтанып жатқанын байқайды.

Бірнеше минуттан кейін офицерлер өрттің ізі байқалған үйге қарай жүгіріп, болған жағдай туралы мекеменің кезекші бөліміне хабарлайды. Олар барған бойда тұрмыстық ғимараттарды өрт шалып, көрші аулаға қарай шыққаннын көреді.

Қызметкерлердің айтуынша, ойлануға уақыт болмаған, себебі жанған өрттің салдарынан үйдің біраз аумағын жалын шарпып, қауіп барған сайын үдей түскен. Олар тез арада үйдің қоршауын бұзып, көршілерді оятады.

Өрт қаупі төнген уақытта егде жастағы үй иесімен бірге көрші пәтерде де жас отбасы болған. Әділет аға лейтенанты Ғалибек Толепберген мен әділет лейтенанты Дархан Бекдаутов өрт сөндіру қызметінің келгенін күтіп, артынша жұмыс орындарына оралады.

Тұрғындар ҚАЖ мекемесінің қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде көрсеткен жедел әрі уақытылы көмектері үшін алғысын білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT