Қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі екі есеге ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі екі жарым есеге ұлғайғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин кезінде онлайн сауда мен төлем операцияларын жүргізудің ұлғаюы байқалды. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есеге ұлғайып, шамамен 7,5 трлн теңгені құраған. Бұрын қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10%-ке дейін жеткізу болды. Алайда карантиннің қазіргі жағдайында біз онлайн сатып алуларда елеулі өсімді байқап отырмыз, ол бізді биылдың өзінде 2025 жылдың мақсатты көрсеткішіне жақындатып жіберді», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Министр электронды сауданы дамыту қарқынын сақтау жөніндегі жұмыс жалғасатынын жеткізді.

«Осылайша біз Сауданы дамытудың 2021-2025 мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесінің нысаналы көрсеткішін 15%-ке дейін қайта қарауды бастадық», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар