Қолма-қол ақшамен төлем жасайтын қазақстандықтар саны едәуір азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің басым бөлігі интернет немесе мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар қолма-қол ақша жұмсауды барынша азайтып отыр. Мамыр айында карточкалық төлем 839,7 млрд теңгеге жеткен, бұл - барлық карточкалық операциялардың 40,1%-ын құрайды. Осыдан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 26,4% болатын.

Қолма-қол ақшасыз төлемдер цифрландыру мен интернет қызметтерінің тиімді әрі ыңғайлы екенін көрсетеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша, интернет және мобильді қосымша арқылы 533,3 млрд теңге төлем жасалып, бұл - барлық қолма-қол ақшасыз төлемнің 63,5%. 2018 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер 50,7%-ды құраса, 2015 жылы небары 9,1% болған.

Елімізде карточкалық жүйе қарқынды дамып келеді. Мамыр айында 13,3 млн белсенді карточка бар екені анықталды. Оның көлемі бр жыл ішінде 1 млн-ға артқан. Ал 2015 жылы краточка саны 7,1 млн болған. Негізгі үлесті дебеттік карталар құрап отыр - 10,1 млн.

1 мамырдағы жағдай бойынша, еліміздегі 28 банктің 22-сі төлем карточкаларын шығарған. Сондай-ақ, ұлттық пошта операторы бар.

Алма Мұқанова

Соңғы жаңалықтар