Коллекторлық агенттіктер үшін кәсіби стандарттар енгізілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коллекторлық агенттіктер үшін кәсіби стандарттар тетігін енгізу қажет. Бұл туралы Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел отырысында Қазақстан коллекторлары одағының төрағасы Юрий Ли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, заңнаманы талқылау барысында саладағы проблемалардың әрбір тармағы тыңғылықты пысықталды.

«Біз ҚР Ұлттық банкінің құзырлы ұстанымын және Парламент Сенаты депутаттарының беделді әрі кәсіби көзқарасын түсінеміз. Қазақстанда қарызды сотқа дейінгі тәртіпте қайтару бойынша нарықта жұмыс тетігін ретке келтіру үшін тиісті күш-жігер болуы керек. Осы орайда коллекторлық агенттіктер үшін кәсіби стандарттар тетігін енгізу, халық тарапынан келіп түсетін шағымдарды және аталған шаралар мониторингін өңдеу қадамдарын қамту керек», - деді Юрий Ли.

Осы орайда, ол Қазақстан коллекторлары одағы нарықта заңнаманың орындалуы үшін мүдделі органдамен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті.

«Жақын арада коллекторлық агенттіктер қызметіне қатысты қаржылық қызметтер тұтынушылары өтінімдері үшін интернет-портал іске қосылады. Бұл өз кезегінде қарыз алушылармен сапалы байланысты орнатуға, сондай-ақ шағымдар бойынша анықталған заң бұзушылықтарға жедел іс-қимыл жасауға мүмкіндік беріледі» , - деді Юрий Ли.

Соңғы жаңалықтар