Коллекторларға қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде коллекторларға қылмыстық жауапкершілікті қайта енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы 2 жылдың ішінде коллекторлық ұйымдарды қадағалауға барынша қатаң қарадық. Коллекторлық нарықтың 37 субъектісінің қызметі тоқтатылды. 2021 жылы заемщиктермен өзара іс-қимылда міндетті аудиофиксация бөлігінде белгілі бір шектеу енгізіліп, үшінші тұлғалармен – жұмыс берушілермен, туған-туыстармен коллекторлардың өзара іс-қимылына тыйым енгізілді. Яғни, мұның бәрі шектелді. Дегенмен, қосымша шектеулер қажет деп санаймыз. Сондықтан коллекторлардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін күшейту бөлігінде заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бұған дейін коллекторлардың заңсыз әреуеттері үшін қылмыстық жауапкершілік заңнамалық тұрғыда қарастырылмаған. Бұған қоса, әкімшілік жауапкершілікті 2 есеге дейін арттыру да ұсынылып отыр. Заң жобасы Мәжіліс қарауына енгізілген.


Соңғы жаңалықтар