Коллекторға берілген жеке тұлғаның проблемалық берешегін реттеу іс-шаралары қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коллекторлардың өндіріп алуына берілген жеке тұлғаның проблемалық берешегін реттеу жөнінде іс-шаралар қабылданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет әзірлеп жатқан жеке тұлғалардың банкроттығы тетігі аясында жеке тұлғалардың банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы кредиттері бойынша, оның ішінде коллекторлардың өндіріп алуына берілген проблемалық берешегін реттеу жөнінде іс-шаралар қабылданатын болады», - деді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар ол агенттік жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің шекті мәндерін реттеу, кредиттер бойынша сыйақының тиімді мөлшерлемелерінің есебіне қарыз алушының кез келген комиссиялары мен төлемдерін қосу бойынша ісаралар қабылдайтындығын атап өтті.

«Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесінің өсуін шектеуге мүмкіндік береді», - деді Мәдина Әбілқасымова.


Соңғы жаңалықтар