Колледждерде тек қажетті мамандық пәндері оқытылады - БҒМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан колледждері жұмыс берушілермен өзара ықпалдастық тетіктерін жақсарту жағын ойластыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бүгінде колледждердің кадр даярлау ісіне жұмыс берушілерді жұмылдыру жағы көңіл көншітпейді. Себеп - колледждегі оқу бағдарламасында жалпы білім беретін пәндер көп. Практика ол пәндердің кәсіби біліктілік алуға тигізер себі тіптен аз екенін көрсетіп отыр.

Колледждер мен жұмыс берушілердің арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту мақсатында «Атамекен» ҰКП оқу жоспарының екі моделін қолдануды ұсынып отыр.

«Бірінші модельде 1448 сағат көлеміндегі жалпы пәндер сақталады. Әрі жалпы оқу уақытының кем дегенде 40% өндірісте оқыту мен кәсіби практикаға арналады. Екінші модель халықаралық тәжірибе мен жұмыс берушілердің пікірін ескере отырып, өндірісте оқыту мен кәсіби практиканың сағаттарын жалпы пәндерді базалық және кәсіби модульге кіріктіру есебінен көбейтуді көздейді», - делінген хабарламада.

Тәжірибеге бағытталған модельді колледждер мен студенттің таңдауы бойынша ерікті түрде енгізу ұсынылды. Жалпы пәндердің сағаттары өндірістік практикаға қарай арттырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, студенттің Конституциялық құқықтары сақталады, егер ол шешімін өзгертіп, оқуын университетте жалғастырғысы келсе, жалпы пәндердің сағаттарын жоғары оқу орнының базасында жүріп жетілдіре алады. Осылайша, жалпы білім беру циклінде тек кәсіби маман ретінде қалыптасуға қажетті пәндер ғана оқытылады.



Камила Әмірова

Соңғы жаңалықтар