Колледждегі жарылыс: Алғашқы әскери дайындық сабағының екі мұғалімін қамауға алу мерзімі ұзартылды - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық соты Алғашқы әскери дайындық сабағы мұғалімдері Ғабит Қарабалаев пен Юрий Гавриленкоға қатысты қамауға алу мерзімін 19 наурызға дейін ұзарту туралы тергеушінің өтінішін қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«Алмалы аудандық сотының қаулысымен айыпкер Ғ.Карабалаевты күзетпен ұстау мерзімі 2015 жылдың наурыз айының 17-не дейін, айыпкер Ю. Гавриленконың ұзарту мерзімі 2015 жылдың наурыз айының 19-на дейін ұзартылды», - деді Қуандық Ешімет.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Айта кетейік, 2014 жылдың 17 қараша күні Алматыдағы Сән және дизайн колледжінде РГД-5 қол гранатасы жарылып, 1 студент қаза болып, 12 студент жараланған еді. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабының 3 бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 104 бабының 1 бөлігімен (Абайсызда қазаға ұшырату) қылмыстық іс қозғалып, АӘД мұғалімдері Ғабит Карабалаев және Юрий Гавриленко айыпкер ретінде қамауға алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар