Колледж ұстаздары білім берудегі тың инновациялық тәсілдерді ұсынды

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мемлекеттік және жекеменшік колледждердің 50-ден астам ұстазы білім берудегі тың инновациялық тәсілдерді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы теміржол көлігі колледжі базасында өткен «Білім беруді жаңғырту жағдайында оқу үрдісінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Алматы мен еліміздің төрт аймағынан 25 арнайы оқу орнының өкілдері қатысты.
null 

Білім беруді жаңғырту жағдайында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліп отырған конференцияны Медеу аудандық әкімдігінің аппараты мен Алматы теміржол көлігі колледжі бірлесе ұйымдастырды.

Жиын кәсіби және техникалық білім беру саласындағы мекемелердің ғылыми жетістіктермен бөлісіп, тәжірибе алмасуына және ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ талантты оқытушылардың білімі арқылы білім алушылардың шығармашылық және интеллектуалды дамуын және ғылыми техникалық жетістіктерін паш ету мақсатын тұтады.

«Елбасының жолдауындағы  бағдарламаны іске асыру жолында кәсіптік білім орындарының еңбегі орасан зор. ҚР Білім министрі Ерлан Сағадиевтің бастамасымен көп жаңа өзгерістер енгізіліп жатыр. Жаңа оқу процесінен  техникалық кәсіби білім саласы шетте қалған жоқ. Алматыда 83 колледж бар. Олардың  22-сі - мемлекеттік, қалғаны жекеменшік. Барлығы  61 800 бала оқытылады. Жаңа өзгеріс деп нені айтамыз? Ол біздің 2017-18 оқу жылындағы  жаңа модельдік оқу бағдарламасы. Оған 24 колледж көшті. Жаңа мазмұнға келесі жылы колледждердің барлығы көшеді. Бүгінгі Алматы теміржол колледжінде өтіп жатқан шара оқу үрдісіндегі инновацияларды жеткізуде көп септігін тигізеді деп сенемін», - деді Алматы қалалық Білім басқармасының техникалық бөлім басшысы Әсет Мұхамбетов.

Орталықазиялық техникалық-экономикалық колледжі, Халықаралық бизнес академиясы, Қарағанды Жоғары политехникалық колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, Қазақстандық-америкалық университет жанындағы байланыс колледжі және тағы басқа оқу орындары педагогтарының баяндамалары ерекше ықыласпен қабылданды.

null  

Сондай-ақ Алматы теміржол көлігі колледжінің «akzht tech_lab» зертханасының жетекшісі Тимур Құрманбаевтың студенттерді сандық технологияларды қолданып электроника, бағдарламалау және робототехника негіздеріне тәжірибелік баулу жөніндегі баяндамасы тәжірибелік қызығушылық тудырды.

Қатысушыларға конференция материалдарының жинағы мен сертификаттар берілді.
null

null 

Соңғы жаңалықтар