Колледж түлектерінің қанша пайызы жұмысқа орналасып жатыр

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен оқуды аяқтаған колледж түлектерінің 66 пайызы жұмысқа орналасқан. Оқу-ағарту министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен онлайн-брифингіде Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшысы Алтай Рахимберлин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жыл сайын жұмыспен қамту мәселелеріне мониторинг жасап отырамыз. Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік тапсырыспен оқуды аяқтаған колледж түлектерінің 66 пайызы қазіргі таңда жұмысқа орналасқан. Одан кейін жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратындар мен әскерге баратындар бар», - деді Алтай Рахимберлин.

Департамент басшысы брифинг аясында академиялық дербестік алған колледждер білім беру бағдарламасын жергілікті кәсіпорындармен бірлесіп әзірлейтінін айтты.

«Болашақта академиялық дербестік аясында жұмыс істейтін колледждер кәсіпорындармен бірлесіп, білім беру бағдарламасын әзірлейтін болады. Осының негізінде кәсіпорындар өздеріне қажетті мамандарды іріктеп алады», - деп тоқталды Алтай Рахимберлин.

Бұдан өзге, ол академиялық еркіндік алған колледждер оқу мерзімдерін қысқарта алатынан атап өтті. Демек, қазіргі таңда бұл мерзім 3 жыл 10 ай болса, алдағы уақытта ол 2 жылға дейін қысқармақ.


Соңғы жаңалықтар