Колледж студенттері жұмыс берушілерге толық дайын болып барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Кәсіпқор холдингі» ҰАҚ мәліметіне қарағанда, Қазақстанда озық деңгейлі жаңа 6 техникалық колледж құрылады. Осы арқылы еліміздің техникалық және кәсіби оқыту мекемелеріне әлемдік озық тәжірибелер енгізіледі.

Холдингтің басқарма төрайымы Эльдана Сәдуақасованың сөзіне қарағанда, дуалдық жүйені құру барысында холдинг үш ірі стратегиялық бағытты жүзеге асырмақ. Біріншісі жаңа колледждерді құруға негізделген. Қазірдің өзінде Астана мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі екі колледж салынып жатыр. Бұдан бөлек, 4 өңіраралық орталықтар құрылады, оның біреуі Атырауда жұмыс істеп те жатыр. Қалған үш орталық Өскемен, Шымкент, Екібастұзда салынып жатыр. Шетелдік оқу мекемелерімен бірлесе отырып, бұлардағы оқу бағдарламаларында мүлдем жаңа қадам жасалады.

Жаңа тәжірибелерді зерделей отырып, ондай жүйе қазақстандық колледждерге енгізіледі. Бұл бағытта облыс орталықтарында орналасқан алғашқы он әріптес колледждер айқындалған.

Осы он әріптес колледждер арқылы кейіннен, жаңадан салынатын алты колледждерге, сосын барлық тәжірибе техникалық және кәсіби білім саласындағы 278 техникалық колледждерге енгізілетін болады. Трансляция бірнеше саты бойынша жүзеге асады. Ең бірінші оқытушылардың кәсіби құрамын жаңартудан басталады.

Бүгінгі әлем жаңа технологиялық құрылымға бет алып барады, осының өзі техникалық және кәсіби мамандар даярлау жүйесінде өзгерістерді талап етеді.

Атап айтқанда, Қазақстандағы дуалдық білім беру жүйесінде жұмыс берушінің де, оқу мекемесінің де жауапкершілігі теңдей болады. Әлемдік деңгейдегі колледждердегі оқу практикалары, колледж шеберханалары тұтастай оқу үдерісіне бекітіледі. Яғни, студент теориялық білім алып қана қоймай, оны шеберханалар мен зертханалардағы практикада ұштайды. Сосын онда жинақталған тәжірибенің барлығын жұмыс берушінің өндірісінде тереңдетіп, өз біліктілігін растайтын болады.

Соңғы жаңалықтар