Колледж директоры сыйақысына Павлодар ауылының 100 баласына сыйлық алды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Білім ордасының жетекшісі сыйлықақысын майдан қажеттілігіне жұмсаған атасының жолын қуды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар ауданының күнкөрісі төмен отбасынан шыққан 100 баласына жаңажылдық тәттілер табысталды – оларға сыйлықты облыстық мәслихат депутаты, Ақпараттық технологиялар колледжінің жетекшісі Серік Жартыбаев дайындады. Жартыбаевтар отбасы осындай шешімге келді, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай алған сыйлықақыны балаларға мерекелік көңіл күй сыйлауға жұмсады», - деді Павлодар облысының білім беру басқармасынан.

Павлодар облысы «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасының көшбасшысы атанған.

Кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдардың өкілдері аталған марафонға қатысып, жерлестеріне қолдау көрсетті.

Nur Otan партиясының мүшелері қиын жағдайда қалған азаматтарға қол ұшын созды. Жаңа жыл қарсаңында да Ертіс өңірінде түрлі игі істер жасалды.

«Менің атам Омархан Жартыбаев та мектеп директоры болып қызмет етті, мен оның жолын қудым десем болады. Кезінде ол күрделі математикалық теңдеулерді шешкені үшін мемлекеттік сыйлықақы алған, қаражатты майдан керегіне берген, - деді колледж директоры. – Қазір, Құдайға шүкір, соғыс болып жатқан жоқ. Алайда мен үшін бұл оқиғаны балаларыма айтып, оларды басқаларға көмек көрсетуге, ғажайыпқа сенуге үйрету маңызды болды».


Павлодар облысы білім басқармасының суреті


Соңғы жаңалықтар