Көліктің жүк салғышында тасымалданған нан талдықорғандықтардың наразылығын тудырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Көліктің жүк салғышында тасымалданған нан талдықорғандықтардың наразылығын тудырды. Осындай жайтқа куә болған қала тұрғындары оларды суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша,  нан тасымалдауда санитарлық талаптардың өрескел бұзылуы бірнеше  ықшам ауданда орын алған. Мәселен осындай жайтқа куә болған талдықорғандық  Фольксваген Пассат көлігінің жүк салғышындағы нанды суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Оның айтуынша, бұл жағдай қаладағы 4-ші шағын ауданда болған. Осыған ұқсас тағы бір жайт  9-шы шағын ауданда орын алған. Ол жерде мерседес маркалы көліктің жүк салғышында нан үйіліп тұр. Ал, қала билігі бұл мәселені толық зерттеп, нан тасымалдау талаптарын бұзғандарға шара қолданамыз деп сендірді.null 

Соңғы жаңалықтар