Көліктің улы газын кемітіп көрсеткен Audi-ға 800 млн еуро айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің  Audi компаниясының Volkswagen автоконцерніне өз машиналарының көлік қозғалтқышынан шығатын улы газ жайлы деректерді әдейі төмендеткендігі үшін 800 млн еуро айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Deutsche Welle деректеріне қарағанда, Мюнхен прокуратурасы тиісті тексеру қорытындысы бойынша осындай шешім шығарған.

Audi компаниясы өзінің жауапкершілігін мойындады. Бұл туралы сейсенбі, 16 қазанда таратылған компания басшылығының мәлімдемесінде айтылған.

Осы оқиғаның алдында ғана улы газ деңгейіне байланысты күдік келтірілген Рюссельсхайм және Кайзерслаутерн қалаларындағы немістің Opel автоконцернінің кеңселеріне тінту жүргізілген болатын.

Бұл концерн де  зиянды қалдықтарды кемітіп көрсететін бағдарламамен жабдықталған деген күдікке ілініп отыр.

Соңғы жаңалықтар