Көліктің сұранысқа ие нөмірін баж салығын төлемей үлестірудің 450 дерегі тіркелген

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік құралдарын 13,5 млрд теңге шамасында алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Алматы облысында шетелден алғашқы тіркеу үшін алым төлемей ауыр жүк көліктерін әкелудің көптеген деректері, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемей жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру жағдайлары белгілі болды. Өңірдік салық қызметкерлері Әкімшілік полиция басқармасын тексеру кезінде (2018-2021 жылдар аралығын) автокөлік құралдарын 13,5 млрд теңге шамасында алым төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісін анықтады.

«Үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, шыққанына 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар бастапқы есепке қою кезінде мөлшері 2 500 АЕК (2019 жылы – 6,3 млн.теңге, 2020 жылы – 6,9 млн. теңге, 2021 жылы – 7,3 млн. теңге) құрайтын алым төлемеген. Сондай-ақ, мемлекеттік бажды төлемей жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді берудің 450 дерегі тіркелді. Нәтижесінде бюджетке 135,7 млн теңге шығын келген. Цифрлық және әріптік мәні бірдей нөмірлер үшін баж 174 000 теңгеден 872 900 теңгеге дейін өзгереді», - деп жазды ведомстводан.

Бұл фактілер міндетті төлемдерді іс жүзінде төлемей қызметтерді алудың жүйелі тәсілін көрсетеді әрі бюджеттің елеулі шығындарына алып келді.

Қазіргі уақытта әкімшілік полиция жоғарыда көрсетілген қызметтерді стандартты емес жолмен алған тұлғалардан түспеген алым мен баж сомаларын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Тексеру материалдары кінәлі адамдар тобын анықтау және тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.



Соңғы жаңалықтар