Көліктік-логистикалық саланың дамуына Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өз үлесін қосады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елдегі жетекші техникалық ЖОО көліктік-логистикалық саланың дамуына өз үлесін қосатын болды.

Оқу ордасы нарықты жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етпек. Бұл туралы бүгін университет ректоры Жексенбек Әділов Елбасының тапсырмасын орындау мүмкіндігін талқылау бойынша өткен ғылыми кеңесте мәлімдеді.

«Шын мәнінде, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы Қазақстан экономикасының басым бағыттарына айналды. Бұл - мәселе үлкен маңызға ие. Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстан көлемі бойынша әлемдегі ең ірі 10 елдің қатарына кіреді. Бұл елдің транзиттік мүмкіндігінің жоғары екендігін көрсетеді. Қазақстанның логистикалық нарығы 10-11 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр», - деді ректор Ж.Әділов.

Оның айтуынша, елдегі көліктің-логистикалық инфрақұрылымның артта қалуы тауар айналымын бәсеңдетіп, көліктің жылжымалы құрамының қозғалысын төмендетеді. «Логистика саласында мамандар тапшы. Қазір мамандардың тапшылығы 60 пайызды құрап отыр. Сондықтан, біздің университет осы олқылықтың орнын толтыру үшін жоғары білікті мамандарды әзірлейтін болады», - деді Ж.Әділов.

Оқу орны басшылығы университеттің ғылыми ұжымына логистикалық саладағы маман тапшылығын анықтайтын заманауи әдісті жасауды, «Логистика» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің санын профориентациялық бағытта көбейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, ректор Логистика Корпоративті ғылыми орталығының шетелдік сарапшыларымен байланысты нығайта түсу керектігін, «Логистика мен бағалау» кафедрасының білім беру бағдарламасына қажетті түзету енгізу керектігін жеткізді.

Жексенбек Әділов елдегі үлкен компаниялардың жанынан оқу орнының филиалдарын ашуды ұсынды. Оның ойынша мұндай қадам студенттердің тәжірибелік дағдысын нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар