Көліктерін мүгедектердің тұрағына қоятындарға рейд жүруде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойған 347 жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған «Бірдей мүмкіндіктер жолы» профилактикалық шарасы өтіп жатыр.

«Бүгінде мүгедектерге арналған тұрақ орнына көлігін қойған 347 жүргізушіге қатысты ҚР ӘқК 597-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 34 млн 387 мың 700 теңге айыппұл салынды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шешілмеген мәселелері өте көп. Оған қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар баса назар аударуы тиіс. Оның ішінде адамдардың еркін жүріп-тұруына, білім алуына, емделуіне, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу өте маңызды», - деді Алматы жергілікті полиция қызметінің басшысы подполковник Жасұлан Байкенов.

 

 

Соңғы жаңалықтар