Көліктері сынып жолда қалған 4 балықшы құтқарылды – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жолда қалған 4 балықшыға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 балықшы көліктері сынып, Зайсан көлінің жағалауынан кері қайта алмай қалған. Оқиға орнына №52 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары келіп жетті.

«Ауди» көлігінде отырған балықшыларға көмекке келген олар жолда «ВАЗ» көлігінде болған тағы бір адамды тапты. Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен барлық төрт ер адамды жақын маңдағы елді мекеннің қонақ үйіне жеткізді. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары тұрғындарға дауылды ескерту жарияланғанда алыс жолға шықпау қажеттігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар