Көліктерге SOS батырмасын орнату міндетті емес - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктерге SOS батырмасын орнату міндеттелмейді. Бұл туралы жартыжылдықты қорытындылаған Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысында көліктерге «SOS» батырмасын орнату міндеттемесі алынып тасталды. Бұл ел азаматтарына осындай құрылғыларды орнату бойынша қосымша шығынды қысқартуға мүмкіндік берді», - деп мәлім етті Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, құзырлы орган электр құрылғыларының қуат тиімділігі туралы регламентті енгізу уақыты ұзарғанын жеткізді. Ведомство дерегінше, мұндай шешім қабылданса, онда тұрмыстық техника құны қымбаттауы мүмкін. Сондықтан, оны енгізу мерзімі кейінге шегерілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздегі пойыздарға «SOS» көмек шақыру батырмасы орнатылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар