Көліктердің 82,4% бензинмен жүреді – ұлттық статистика

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде көліктердің 82,4% бензинмен жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2023 жылғы наурызда 162,4 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе көп. Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар 2,3 есе, жүк автомобильдері 2,4 есе артқан.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктер жалпы саны – 4 млн 668 мың. Оның ішінде 87,6% – жеңіл автомобильдер, 10,3% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Отын түрі бойынша көліктің:

– 82,4% – бензинмен;

7,6% – аралас отынмен;

7,4%, –дизель отынымен

0,2% газбен;

1936 бірлігі – электр қуатымен жүреді.

Биылғы наурызда 2 321 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 340 адам зардап шеккен. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 10,8% азайған.


Соңғы жаңалықтар