Көліктерді тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемқызметтері қалпына келтірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктерді тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемқызметтері қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 наурыз күні сағат 9:50-де техникалық себептерге байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар бүкіл республикадағы əкімшілік полициялардың тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралдарын тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемлекеттік қызметтерін көрсету тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта іркіліс себебі жойылып, мемлекеттік қызметтер штаттық режімде көрсетіліп жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар