Көліктен оқ жаудырған ақтөбелік жігіт ауылдасын өлтіріп тастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар ауданында қылмыстық іс тіркелді. Аудан тұрғыны көлікпен жүріп, үш ауылдасын атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық оқиға 27 шілде күні сағат 4:33-те тіркелді. Шалқар аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан шақыру түскен. Сол күні аудандағы «Мерей» сауда үйінің жанынан оқ жарақатын алған үш адам ауруханаға жеткізілген.

«Ауылдың үш тұрғыны түрлі дене жарақатымен түскен. Оқ жарақатынан бір адам ауруханада көз жұмды. Жедел іздестіру кезінде 21 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, ол кінәсін мойындады. Көлікте келе жатып, оқ атып, үшеуін жаралады. Кейін күдікті 16 калибрлі аңшы мылтығын стадион алаңына тығып тастағанын көрсетті. Қылмыстық кодекстің »Адам өлтіру« бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Полиция әзірге қылмыстың себебін атамады. Тек жаппай төбелес болмағанын растады.

Айта кетейік, Шалқар аудандық ауруханасы оқ жарақатын алған өзге жәбірленушілердің қазіргі жағдайын айтудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар