Көліктен бағалы заттар ұрлайтын алматылық ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы сериялық автокөлік ұрысын ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 32 жастағы К.есімді азамат бұрын көліктен ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Бұл жолы ол «Митсубиси Делика автокөлігінің құлпын ашып, салонына кіріп, ноутбукты ұрлаған. Жеңіл ақша әуесқойының қылмыстық әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Біз күдіктінің ізіне түстік және оны ұстадық. Ер адамның қаланың орталық бөлігінде жұмыс жасағаны анықталды. Ол өзіне қолайлы көлік іздеді, жүргізушінің көліктен кетуін күтіп, қолда бар құралмен құлыпты ашып, кез келген құнды затты ұрлаған. Қазіргі уақытта күдікті екі эпизод бойынша өз ісін мойындады. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде»– дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полиция сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі бойынша жасалған қылмысқа сәйкес жүргізілетінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар