Көліктегі полицияның 200 қызметкері марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті бүгін Қазақстан полициясы күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке құрметіне орай шараға көліктегі полицияның жеке құрамы шерулік әскери киіммен келді. Салтанатты шараның меймандары ретінде ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызмет бабында қаза тапқан тәртіп сақшыларының туыстары келді.

«Мәңгілік ұмытылмас есімдер» даңқ ескерткішіне гүл қою салтанатын Көліктегі ІІД бастығы Аманжол Қабылов жүргізді. Алаңға жиналған көлік саласындағы құқық қорғаушылар Отан алдындағы міндетін атқару жолында қаза тапқан қатарластарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Өткен жылдардың қиындығына қарамастан, біз ішкі істер органдарының қуатты жүйесінің тұрақты іргетасын қалай білдік. Қанша уақыт өтсе де біздің міндет бұрынғыша қалады - ол қоғамдық құқықтың қорғалуы, азаматтардың мүдделері мен өмірлерін қорғау. Десе де біздің мақсат шыңына шығуымыз әсте оңайға түспей жатады», - дейді Аманжол Қабылов.

Оның айтуынша, қызметтік парызын атқару кезінде көліктегі полиция қызметкерлерінің 11-і ажал құшқан.

«Біз бүгін бейбіт уақытта қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін жанын берген азаматтарды құрметпен еске аламыз», - деді полиция полковнигі.

Аманжол Қабылов сонымен қатар, ІІБ ардагерлеріне жас қызметкерлерді тәрбиелегені және ішкі істер органдарының ізгі дәстүрін жалғастырғаны үшін алғысын білдірді.

Салтанатты шара барысында өзінің еңбекқорлығымен және қызметіне адалдығымен мақтауға лайық қызметкерлердің есімдері аталды. Олардың қатарында жедел қызметкерлер мен тергеушілер, қылмыстық полиция қызметкерлері мен анықтаушылар, тағы басқа тәртіп сақшылары бар.

Шара кезінде көпшілік алдында ІІБ ардагерлері де сөз сөйледі.

«Бұл өмірдің өзіндей ұзақ қызмет. Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым азаматтардың құрметімен аталып өтеді. Антқа берік бола отырып, қылмысқа қарсы күресте жігер мен ерлікті танытып, сіздер өздеріңіздің қызметтеріңізді адалдықпен атқаратындарыңызға сенемін», - деді ҚР ІІМ құрметті ардагері Жұмабек Жақсылықов.

Салтанатты шара барысында Көліктегі ІІБ-нің 59 ардагеріне лайықты марапат тапсырылды. Сонымен бірге, мерейтойлық медальмен және алғыс хаттармен Департамент жеке құрамының 200 қызметкері марапатталды.

Соңғы жаңалықтар