Көліктегі ІІД бастығының бірінші орынбасары ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары парақорлық қылмысы бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы, Қарағанды, Қостанай және Қазақстанның өзге де облыстарында «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені»  ЖШС-нің өңірлік басшыларына дизель отынын жымқыруда лауазымды тұлғамен жалпы қамқорлық жасау дерегі анықталған. Тергеумен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы ай сайын «ҚТЖ»Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені»  ЖШС-нің жанармай қоймасында сақтауда тұрған дизель отынын жымқырғандығы анықталды», - деді реми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, дизельдік отынды жымқырудың бірнеше фактісі тіркелді. Залалдың жалпы сомасы анықталуда.

«Ағымдағы жылғы шілде - қыркүйек айлары аралығында Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары серіктестіктің өңірлік басшыларынан бірнеше рет қаморлығы үшін жалпы сомасы 2,4 млн теңге пара алып отырған. Ағымдағы жылғы 5-6 қазанда  Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені»  ЖШС-нің  Қостанай бойынша филиалының директоры, сондай-ақ осы серіктестіктің отын қоймасының директоры сот санкциясымен қамауға алынды», - деді Жанна Бастарова.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар