+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Көлікте, үй ауласында маска тағу міндетті ме

2020 жылғы 1 тамыз 11:51
Бөлісіңіз:
Көлікте, үй ауласында маска тағу міндетті ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егер адам көлікте келе жатса, маска тағуға міндетті ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Кентауда карантин талаптарын сақтамаған 19 нысан анықталды Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады

«Егер қоғамдық көлікте (автобус, пойыз, ұшақ кеме немесе такси) болса, онда міндетті. Ал егер жеке көлік болса, міндетті емес.

Мұнда жеке көлікте, бір отбасы мүшелеріне маска тағу міндеттелмейді. Бірақ біз маска тағу ауру қаупін 30% төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып, оны тағуға кеңес береміз», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік өз үйлерінің аулаларында маска тақпауға, ал көп қабатты үй ауласында масканы тағып жүруге міндеттелетін жеткізді.

«Жеке үйдің ауласында тақпауға болады. Көп қабатты тұрғын үйдің ауласында жүрсе, маска тағуы керек. Бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отбасы мүшелерінің серуендеу кезінде де бетперде тағуы қажет», - деп толықтырды министрлік.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.

Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT