+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Көлікпен қасақана адам қаққан ағайындыларға сот үкімі шықты

2020 жылғы 18 ақпан 15:23
Бөлісіңіз:
Көлікпен қасақана адам қаққан ағайындыларға сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ерегескен қарсыластарын көлікпен қасақана қаққан ағайындыларға қатысты сот үкімі шықты. Сот отырысы Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Судья Жандос Әлікеевті – 4 жыл 8 айға, Дінмұхаммед Әлікеевті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың 26 тамызында таңғы сағат 5-те Алматы қаласы Бостандық ауданы Гагарин көшесінде болған кикілжіңнен кейін бір тараптың өкілдері қарсыластарын автомобильмен қағып, қылмыс орнынан қашіп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Кейіннен полиция адамдарды қаққан көліктерді тауып, тәркіледі. Екі көлік айғақ ретінде ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді.

Содан кейін, күдіктілердің ағайынды екені анықталды. Олардың анасы ұлдарының мұндай қадамға өздерін қорғау үшін барғанын алға тартты.

Полиция 27 тамызда 1995 жылы туған Жандос Әлікеевті ұстады. Ал екінші күдікті 16 қыркүйек күні ұсталды. Ол Алматы облысының аумағында полициядан жасырынып жүрген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT