Көлік жүйесін дамытуға қатысты заңнамалық құжатқа түзету енгізілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған заң жобасы 2022 жылғы 25 мамырда бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мәліметінше, аталған құжатты қарау кезінде тиісті толықтырулар жасалды.

Заң жобасын қарастыру кезінде депутаттар:

- жолаушылар тасымалын қолдауға бағытталған уақытша теңгерімдеуші төлем төлеуді жүзеге асыруға;

- жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды және теміржол көлігіндегі орындарды резервке сақтауды орталықсыздандыруға;

- авиатасымалдаушының кінәсінен болған әуе көлігімен тасымалдауды кешіктірудің әрбір сағаты үшін жолаушыларға айыппұл төлеуге;

- кейіннен тасымалдаушылар жолаушыларға өз есебінен қонақ үйден орын және тамақ беретін, рейстер кешіктірілген кезде күту сағаттарының санын қысқартуға;

- Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль өткізу пункттеріне жүк көлік құралдарының кіру уақытын брондау үшін автоматтандырылған электрондық кезек жүйесін енгізуге бағытталған түзетулер енгізді.

Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне ерекше жағдайлар берілетін күрделі жобалар (теңіз және газ жобалары, құрлықтағы күрделі жобалар) үшін жақсартылған модельдік келісімшартты бекіту жөнінде түзетулер қамтылды.


Соңғы жаңалықтар