Көлік жүргізушілеріне рульде отырып шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда көлік жүргізушілеріне рульде отырып шылым шегуге тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Омархан Өксікбаев осы мәселені көтерді.

Депутат сөз арсында жыл сайын жол апатынан елімізде 3 мыңға тарта кісі көз жұматынын, басқа салалардың ешбірінде мұншалықты адам шығыны болмайтынын алға тартты. «Жол қозғалысы тәртібінде көлікті басқарып бара жатқан тұлға басқа шаруаларға ауытқымауы керек. Соның бірі транспортты жүргізіп бара жатып шылым шегу. Осыны заң арқылы тыйсақ қайтеді?» - деді депутат Омархан Өксікбаев.

Өз кезегінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов заң жобасы бойынша барлық баптарда жүргізуші жауапкершілігі нығайтылып отырғанын айтып, бұл ұсынысты жұмыс тобында талқылауды қолдады. «Рас, көптеген елдерде рульде отырып шылым шегуге тыйым салынған. Шын мәнінде, бұл жүргізушіні алаңдатады. Әрине, шылым шегудің салдарынан қаншалықты жол-көлік оқиғасы орын алғанына статистика келтіру қиындау. Дегенмен, егер ұсыныс болса, алдағы уақытта жаңа әкімшілік және қылмыстық кодекс бар, соның аясында талқылауға болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар