Көлік жүргізушілері жауапты бола бастады-зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық көлік жүргізушілері барынша жауапты әрі саналы бола түсті. Сақтандыру, оның ішінде ерікті сақтандыру көлемі де артып, жол-көлік оқиғаларының саны қысқаруда. Мұндай қорытындыға сарапшылар келіп отыр, деп жазады ranking.kz порталы.

«2018 жылдың қаңтар-маусымында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру сегментінде жиналған сыйақының жалпы көлемі 31,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 28,9 пайызға артық. Бұған қоса, сақтандыру төлемінің көлемі 2,4 пайызға, яғни 12,1 млрд теңге дейін қысқарды», - делінген аталған ақпаратта.

Сонымен қатар, көлік жүргізушілерінің жолдағы өз жауапкершіліктерін сезінетіндігі, өзін және жол қозғалысының өзге қатысушыларын қауіпсіздендіруге тырысатындығы аталып өтілген.

Мәселен, 2017 жылы 17 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,3 пайыз аз. 2017 жылы орын алған жол апаттарының 28,9 пайызы жылдамдықты асырудан, 13,6 пайызы жаяу жүргінші өткелінде болған оқиғалардан тұрады.

Соңғы жаңалықтар