+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Көлік жүргізу куәлігі жоқ СҚО тұрғыны мас күйінде адам қағып кетті

2020 жылғы 15 қаңтар 02:33
Бөлісіңіз:
Көлік жүргізу куәлігі жоқ СҚО тұрғыны мас күйінде адам қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көлік жүргізу куәлігі жоқ азамат мас күйінде рульге отырып, адамды мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда құжаты жоқ мас жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды Мас күйінде көлік айдаған алматылықтар жазаға тартылуда Түркістанда мас күйінде көлік жүргізген 7 адам жауапқа тартылды

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 11 қаңтар күні Мамлют ауданының Дубровное елді мекенінде болған. Кешкі сағат 21.00 шамасында үш тұрғын «ЗИЛ» жүк көлігіне «ВАЗ 2106» машинасын тіркемек болады. Осы уақытта өтіп бара жатқан «УАЗ» көлігінің жүргізушісі сынып тұрған «ВАЗ» көлігін және арқанды іліп жатқан оның жүргізушісін соққан. Салдарынан Дубровный елді мекенінің 33 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты. «УАЗ» көлігінде оның 35 жастағы ауылдасы болған. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болғанын көрсетті.

Анықталғандай, адамды мерт қылған азаматта жүргізуші куәлігі ешқашан болмаған. Былтыр көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жол апатына байланысты тергеу басталды, тиісті сараптамалар жүргізіледі. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

«Қылмыстық заңнамада мас күйде жол-көлік апатын жасағандарға қатысты өзгеріс бар. Денсаулыққа орташа деңгейде зиян келтірген жағдайда 1 мың АЕК дейін айыппұл салынады, екі немесе одан да көп адам қаза тапқан жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мас күйде жол апатына түскендер 7 жылға дейін, кісі өлімі болған жағдайда өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады», - дейді СҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбеков.

Сондай-ақ полицейлер мас жүргізушілерге қатысты әкімшілік заңнаманың да өзгергенін ескертеді. Яғни көлікті басқару құқығынан айыру мерзімі ұзарып, әкімшілік қамауға алу жазасы енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT