Көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заң жобасына Сенат 426 түзету енгізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат ұсынған түзетулерді Мәжілістегі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау таныстырды. Айтуынша, Сенат Мәжіліс мақұлдаған құжатқа 426 түзету енгізіп жолдап отыр. Ол түзуетулер үш бағыттан тұрады.

Құжаттың 2-бабына бірқатар нормалардың мерзімі бойынша түзету енгізіледі. Атап айтқанда, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне автоматтандырылған өлшеу құралдарының қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және инфрақұрылым объектісін пайдаланғаны үшін, әуежайларды техникалық құралдармен жабдықтағаны үшін инфрақұрылымдық алым жүргізу функциялары берілмек. Теміржол саласындағы уақытша теңгерім төлемінің заңдық күші 2024 жылға дейін деп белгіленеді.

«Бұл түзетулер нақтылау сипатына ие және Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының мазмұнын өзгертпейді», - деді депутат.

Палата депутаттары Сенат ұсынған түзетулерді мақұлдау туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар