Көлік және коммуникация министрлігі: Тегран - Алматы - Тегран бағдары бойынша авиарейс ашылады

None
None
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАпарат - Иран Ислам Республикасының «Махан Эйр» әуе компаниясы 2010 жылғы маусымның 16-ынан Тегран - Алматы - Тегран бағдары бойынша алғашқы рейстің ашылуының салтанатты рәсімін өткізуді межелеп отыр. Бұл ақпаратты еліміздің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

«Махан Эйр» әуе компаниясы аталған рейсті 2010 жылғы көктем-жаз маусыммы кезінде аптасына 3 рет А-310 әуе кемесімен атқаруды жоспарлауда», делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының лауазымды және жауапты тұлғалары, қазақстандық және шетел авиакомпанияларының, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының БАҚ өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар