Көлік ұрлығына жол бермеу үшін қандай ережелерге мән беру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде 1,3 мыңға жуық автокөлік ұрлаушы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері республика бойынша полиция қызметкерлері мың үш жүзге жуық автокөлік ұрлаушыны, оның ішінде топтың құрамында болған елуге жуық адамды ұстады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралар жыл басынан бері ұрлық пен көлікті заңсыз иелену қылмыстары санын үштен бірге азайтуға мүмкіндік берді.

«Бірақ автомобиль ұрлығына жол бермеу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Атап айтсақ, оталып тұрған автокөлікті ешқашан ашық қалдырмаңыз, түн кезінде автокөлікті гаражға немесе күзетілетін тұраққа қойыңыз. Сонымен қатар, қылмыскер көлікті тез иелене алмайтындай шара қолданыңыз, яғни ұрлыққа қарсы электрондық және механикалық құрылғылармен және GPS-маяктармен жабдықтаңыз», - деп кеңес берді Нұрділдә Ораз.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкентте 11 көлікті ұрлаған күдікті ұсталды.


Соңғы жаңалықтар