+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Көлік ұрлап, жол апатын жасаған күдікті ұсталды

2019 жылғы 16 қараша 06:16
Бөлісіңіз:
Көлік ұрлап, жол апатын жасаған күдікті ұсталды

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында көлік ұрлап, жол апатын жасаған күдікті ұсталды. Қылмыс жасау кезінде мас болған күдікті ұрланған көлікті соғып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда іздеу салынған қылмыскер Нью-Йоркте ұсталды Маңғыстау тұрғыны өзі жалдаған жұмысшыны өлтіріп, 10 жылға сотталды Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнар Каримоваға қарсы жаңа іс қозғады

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік иесі Жетісай АПБ-не арызданған.

Оның айтуынша, таңғы сағат 07:00-дер шамасында Шымкенттен Жетісайға келе жатқан жолда Сарыағаш жақтан ерлі-зайыпты азаматтар қол көтерген. Оларды көлік иесі отырғызып, алып кеткен. Алайда көліктің артқы жағында отырған ер адам Жетісайға келгенде өзін қылқындырып, көлікті тоқтатуға мәжбүр болған. Осы сәтті пайдаланған күдікті көлігін ұрлап кеткен.

Оны ұстау мақсатында жетісайлық полицейлерден арнайы топ құрылып, оқиға орнына жетеді. Нәтижесінде қала көшелерінің бірінен көліктің жол-апатына түсіп, аударылып жатқан жерінен табады. Жәбірленуші көлікте қалдырған ұялы телефонын таба алмаған. Полицейлер жақын арадағы базарларға барып, ұялы телефон сатып алушылардың дүкендерін тексерді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 2-3 сағат ішінде күдіктіні ұялы телефонды сатып тұрған жерінен қолға түсірді. «Тергеу барысында оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталған. Жетісай қаласындағы ата-анасының үйіне әйелімен келе жатқанда арам ойын іске асырған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 200-бабы және 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды. Тұлғасын анықтау барысында бұған дейін «Тонау» қылмысымен сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.

Өз кезегінде бұзақыға тап болып, көлігінен ойда-жоқта айырылған тұрғын жетісайлық полицейлерге алғыс айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT