Көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші жазаланды

None
None
АЛМАТЫ, ҚазАқпарат - Көлік терезелерін қараңғылап алған «Ауди» жүргізушісіне полиция айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімі әлеуметтік желіде жарияланған фото, видеоматериалдарды тексерген болатын.

«Жарияланған материалдардың арасынан алдыңғы екі әйнегін қараңғылап алған көліктің суреті анықталды. Мемлекеттік тіркеу номері анық көрінді. Жазбаның авторы оқиға болған уақытты, орынды көрсеткен. ҚР Заңнамасына сәйкес ереже бұзған заматты таптық. Өз кезегінде жүргізуші құқыбұзушылық жасағанын мойындады. Бұл дерек бойынша ҚР ӘқК 590 бабының 5-бөліміне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде, яғни 12025 теңге айыппұл салынды. Бұл жүргізуші бұған дейін де жауапкершілікке тартылған», - деді іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбе


Әлеуметтік желілерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар