Көлік салығын eGov.kz порталынан біліп, төлеуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу сервисі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сервис салық төлеу органы мен сомасы туралы автоматты түрде хабардандыру мақсатында әзірленген.

«ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер қорын интеграциялау есебінен салық төлеушіге әрбір көліктің салық төлеу сомасын бөлек есептеудің қажеті жоқ. Жалпы сомасы сервисте көрсетіледі және оны төлеу үшін барлық қажетті деректер көрсетіледі (ТТК, БСК, СОК)» делінген хабарламада.

Сервис eGov.kz порталының басты бетіндегі «Сервистер» бөлімінде орналастырылған.

Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген мүмкіндік Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына қолжетімді.

«Пилоттық режим аяқталғаннан кейін сервис елдің барлық аумағында жалпы пайдалану үшін қолжетімді болады, сондай-ақ жер салығы мен жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша алдағы салық төлемдерін тексеру және төлеу мүмкіндігі болады» деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған қызмет тек Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы ұсынылған болатын.

Көлік құралдарының салығы ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.

 

Соңғы жаңалықтар