Көлік саласының бәсекесі артып, қызмет көрсету сапасы жоғарылайды

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінде кеңейтілген отырыс болып өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Аталған заң жобасы еліміздегі көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасы әкімшілік кедергілерді төмендете отырып, отандық көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталады. Бұдан бөлек құжат инфрақұрылымды дамытуды, тұтынушылардың құқын қорғауды, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді заң нормалары аясында көздейтін болады.

Сонымен қатар құжат арқылы авиация, теміржол, автокөлік салаларында, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнаманы жетілдіреді.

Атап айтсақ, азаматтық авиация саласы бойынша заңнамаға 40-қа жуық өзгерту ұсынылған. Оның ішінде инспекторлардың мәртебесін заң деңгейінде бекіту қарастырылады. Бұл ұшу қауіпсіздігін қадағалау мен бақылауды күшейте түседі.

Заң жобасы Палатаның жалпы отырысына шығарылады.

Соңғы жаңалықтар