Көлік прокурорлары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 200-ден астам фактісін анықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бас көлік прокуратурасы Тәжікстан азаматтарына Қазақстанның медициналық мекемелерінде емделгені туралы жалған медициналық анықтама беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 13 мамырынан бастап Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен қазақстандық медициналық мекемелерге емделуге келгендерді қоспағанда, барлық шетелдік азаматтарға мемлекеттік шекарадан өту шектелді. Көлік прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесі бойынша Тәжікстанның 232 азаматына Қазақстанның медициналық мекемелерінде емделгені туралы жалған медициналық анықтамалар беріп, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілерін анықтады»,–деп хабарлады ведомствадан.

Прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жұмыстарын Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімі жүргізеді.

Шетелдіктерге қатысты Қылмыстық кодекстің 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша фактілерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеу туралы мәселе шешілуде.


Соңғы жаңалықтар