USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Көлік полициясының үздік қызметкерлері Конституция күніне орай алғыс хаттармен марапатталды

2016 жылғы 30 тамыз 15:40
Бөлісіңіз:
Көлік полициясының үздік қызметкерлері Конституция  күніне орай алғыс хаттармен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-де ел Конституциясының 21 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған Департаменттің басшылығы мен жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының орындалуымен басталды. Шараны әріптестерін құттықтау сөзімен ашқан Департамент бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабылов Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы жолындағы Конституцияның тарихи маңызына, ішкі істер органдарының еліміздің Конституциялық заңдылықтар мен құқық тәртібін сақтаудағы рөліне тоқталды.

«Ел президенті - ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата заң - қасиетті құжат, мемлекеттігіміздің қасиетті кітабы екенін атап өтті. Расымен де, Ата заңның нормалары мен қағидаларын бұлжытпай орындау, конституциялық құндылықтарды қорғау - бұл әр азаматтың қасиетті парызы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Отан алдындағы жауапкершіліктің зор екендігін айрықша түсінулері керек», - деді өз сөзінде Аманжол Жайғалиұлы.

Еліміздің бас көлік полицейі Департаменттің жеке құрамы мен оның бөліністерінің бұдан былай да азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін, олардың заңдық құқығын қорғай беретіндігін нықтап айта келе, жиналғандарға зор денсаулық, береке, бірлік, Отанымыз Қазақстанның гүлденуі жолындағы жауапты қызметтеріне табыстар тіледі.

Мерекелік шара аясында А. Қабылов ішкі істер органдарының ардагері Долданов Юрий Николаевичқа жастарды патриоттық қасиетте тәрбиелеуге, отансүйгіштік рухында олардың жеке тұлғасын қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін «ҚР ІІМ Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттады.

Сондай-ақ, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуда қызметтік міндетін барынша жауапты және үлгілі атқарған Қазақстан көлік полициясының үздік қызметкерлері ҚР Конституциясын күніне орай грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.

null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT