Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.71 eur/kzt 467.03

    rub/kzt 8.36 cny/kzt 67.1
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Көлік полициясы есірткі тарату арнасының жолын кесті

2022 жылғы 19 тамыз 14:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полициясы қызметкерлері есірткі тарату арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде көлік полицейлері арнайы мақсаттағы жедел ден қою отрядының қызметкерлерімен бірге есірткіні заңсыз сақтау және өткізу бойынша күдікті деп танылған Шымкент қаласының 49 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған азаматты тінту барысында одан жалпы салмағы 7,5 келіге жуық кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жері бойынша есірткі заты салынған қап тәркіленді, олардың бір бөлігі 38 газет бумасына және 43 дана сіріңке қорабына салынған.

Күдікті өз кінәсін мойындады, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


</span>

Фото: polisia.kz


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары