Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде болған екі қылмыскерді ұстады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде болған екі қылмыскерді қолға түсірді. Бұл туралы ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік полицейлері жедел-іздеу шараларын өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалында ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлімі бойынша сотталып, пробациялық бақылаудан жасырынып жүрген 1971 жылғы ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев мәлім етті.

Оның айтуынша, ұсталған ер адам бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ол Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД тергеу абақтысына қамауға алынды.

Сондай-ақ, департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп қаланың халықаралық әуежайының терминалында РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлімімен («Алаяқтық») қарастырылған ауыр қылмыс жасағаны үшін 2020 жылдан бері іздеуде болған Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматын қолға түсірді. Ұсталған ер адам Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оны РФ аумағына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар