Көлік полицейлері Конго азаматшасына отанына оралуға көмектесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері Конго азаматшасына отанына оралуға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылғы 13 тамызда Бомбале Лолинго Раисса есімді Конго Демократиялық Республикасының 24 жастағы азаматшасы ЖШС-нің бірінің шақыртуымен Қазақстан Республикасына еңбек ету үшін визамен келген.

Ол COVID-19 пандемия салдарынан жұмысынан айырылған. Бұған қоса паспорты пен визасының қолданылу мерзімі аяқталып әрі қаражатының болмауына байланысты еліне орала алмаған.

Жағдайы қиындаған соң Шымкент станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің полицейлеріне көмек көрсету туралы өтініш білдіреді.

Еліміздің көлік полицейлері Алматы қаласында орналасқан көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымның (ХКҰ) көмегімен оның құжаттарын ресімдеуге, сөйтіп оның отанына оралуы үшін әуе билетін сатып алуға көмек көрсетті.

Өз кезегінде Раисса барлық қол ұшын созған жандарға, атап айтқанда, тәртіп сақшыларына көрсеткен қолдаулары мен көмегі үшін зор алғысын білдірді.


Соңғы жаңалықтар