Көлік полицейлері дәстүрлі емес исламды насихаттайтын аудио дәрістерді тәркіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері теміржол қызметкерінің дәстүрлі емес ислам идеяларын жариялайтын аудио дәрістерді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратып отыр.

«Көлік полицейлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде темір жол ұйымдарының бірінде жұмыс істейтін 1984 жылғы азаматтан әлеуметтік желіде дәстүрлі емес ислам идеяларын насихаттаған аудио дәрістерді сақтау фактісін анықтады. Тексере келіп, полицейлер аталған азаматтың деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігін анықтады», - дейді Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов.

Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудиожазбаның Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны расталды. Ал оны әлеуметтік желідегі парақшасында сақтап келген азаматқа Алматы облысы Алакөл аудандық сотының шешімімен, Әкімшілік құқық буұзы туралы кодекстің 453-бабының 3-бөлігі бойынша 100 АЕК көлемінде, яғни 291 700 теңге айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар