Көлік полицейлері Алматы тұрғынынан 700 келіден астам марихуана тәркіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жамбыл стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Көкнәр-2014» жедел алдын алу шарасы барысында 32 жастағы Алматы қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Шу ауданының «Шу-Аспара» өткелінде ұсталған 32 жасар алматылықтан салмағы 775 келі болатын «марихуана» табылып, тәркіленді.

Ұсталған азамат бұған дейін сотты болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-1-бөлігі (Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті Шу стансасындағы желілік полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар