Көлік полицейлері 82 жастағы кейуанаға көмектесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері 82 жастағы кейуанаға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда елімізде «Біз біргеміз» акциясы жүріп жатыр.

Аталған акцияға Көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, «Менеджмент және бизнес» колледжінің ерктілері және әлеуметтік қызмет көрсету орталығы да үлес қосты.


Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласының 82 жастағы тұрғыны, жалғызбасты қария Раида Мифтаховаға көмек көрсетілді. Волонтерлер Мифтахованың есік алдындағы қарын тазалап, көмірін кіргізіп, үй шаруаларын тындырып берді. Сондай-ақ, еріктілер арасындағы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері Райда апайға түскі ас пісіріп берді.


«Қарттар – асыл қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өркендеп, еліміздің бейбіт өмір кешуі осындай ардақты да аяулы қарт әжелеріміздің арқасы. Олардың өмір жолы - бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Сондықтан мұндай көмекті көрсету - баршамызға парыз»,-дейді Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлихан Жұмажанов.

Өз кезегінде Раида Мифтахова да полицейлерге, еріктілер мен әлеуметтік қызмет көрсетушілерге алғысын айтты.


Соңғы жаңалықтар