Көлік номерін өзгертіп алған түркістандықтың айыппұлын өзге адам төлеген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қолымен көлік номерін өзгерткен түркістандық жүргізушінің кесірен Сарыағаш тұрғыны 90 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мercedes» маркалы көліктің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу номеріндегі 1 әріпті қолдан өзгертіп алған. Содан жол ережесін бұзуына қатысты айыппұлдар өзіне емес, Сарыағаш тұрғынына жолданып келген. Айыппұлдың дені жылдамдық шектен тыс асырылғаны үшін салынған.

Сарыағаштық тұрғын Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына хабарласып, арыз түсірген. Соның негізінде іздеу шаралары жүргізіліп, күдікті көлік Түркістан қаласынан табылды. Жалған нөмір таққан көлік Әмір-Темір көшесінде тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар