Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Көлік кептелісі денсаулыққа зиян - ғалымдар

2019 жылғы 25 қаңтар 13:35 1318
Бөлісіңіз:
Көлік кептелісі денсаулыққа зиян - ғалымдар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейде өміріміздегі ұсақ-түйек дүниелердің уақытымызды алғаннан басқа еш зияны жоқтай көрінеді. Мысалы, көлік кептелісінде жолда бос тұрғанды ешкім ұнатпайды. Дегенмен, оның басқа да кемшілігі бар болып шықты, әсіресе көлік кептелісінің қоғамдық денсаулық саласына зияны көп көрінеді. 

The New York Times жариялаған мақалада автор Техас көлік институты Америка тұрғындары жылына орташа есеппен 42 сағатын көлік кептелісінде өткізетінін жазады. Ал соңғы жүргізілген зерттеулерге сенсек, көлік кептелісі ауаны ластап қана қоймай, адамның денсаулығына кері әсер етеді екен.

«Кептеліс кезінде уақытты босқа өткізгісі келмегендер көлік ішінде басқа іспен айналысып отыратыны айтпаса да түсінікті. Дегенмен, жол кептелісі адамның физикалық денсаулығына да, психологиялық саулығына да әсер етеді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, ғалымдардың зерттеуі туралы Қоғамдық экономика журналында көлемді материал жарияланған. Онда тіпті көлік кептелісінің артуы отбасындағы кикілжіңдер мен зорлық-зомбылықтың өсуіне алып келетіні жазылыпты. Сондай-ақ ғалымдар көліктен бас тартып, жаяу немесе велосипедпен жүретіндер денсаулығын жақсартып, жол қозғалысының кері әсеріне ұшырамайтынын анықтапты. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік, Ғылым, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT