Көлік қарқыны жоғары тасжолдарға проекциялық жолақтар орнатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар тасжолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін ҚазАвтоЖол мамандары жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткелдерді орнатып жатыр. Мәселен, заманауи технология Алматы өңірінде орналасқан республикалық маңыздағы тасжолдарда пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес жаңа проекциялық жаяу жүргіншілер өткелдері елді мекендердің, оқу орындарының және медициналық көмек көрсету пунктерінің қасына орнатылды.

А-2 «ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» тасжолының 29 шақырымында (Қарасай ауданы, Барыс автобазарының жанында);

А-4 «Алматы - Шамалған - Ұзынағаш - Аққайнар - Сұраншы батыр - ҚР шекарасы» тасжолының 52 шақырымында (Жамбыл ауданы, Қарғалы кентінің жанында);

М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы» автожолының 40 шақырымында (Қарасай ауданы, Қошмамбет кентінің жанында);

А-2 «ӨР шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас» тасжолының 24 шақырымында (Талғар ауданы, Панфилов кентінің маңында);

Р-17 «Алматы - Талғар - Бәйдібек би«тасжолының 15 шақырымында (Талғар ауданы, Белбұлақ кентінің жанында) орнатылды.

Арнайы гобо-проекторлардың көмегімен ауа райының кез келген түрінде автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер зебрасын анық көре алады. Проекция жүргізушілерге жолдан өтіп бара жатқан адамдарды 100-150 метр қашықтықта уақтылы байқауға мүмкіндік береді.

Дәл осындай 30-ға жуық проекциялық жолақ бұған дейін еліміздің тоғыз өңірінің республикалық маңыздағы тасжолдарына орнатылды.


Соңғы жаңалықтар