Көлік ішінде қысылып қалған қызылордалық құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көлік ішінде қысылып қалған жүргізушіні алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 14 ақпанда түнгі сағат 2-де А.Байтұрсынов көшесі бойында болған. Құтқарушылар «Ауди» маркалы көліктің ішінде қысылып қалған жүргізушіні аман алып қалды.null

«Біздің қызметкерлер көлік апатынан зардап шегушіні құтқару үшін гидравликалық құрал-жабдықты пайдаланды. Осылайша оны көлік ішінен босатып алды. Ол үшін көлік металлдарын кесуге тура келді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Көлікте қысылып қалған азамат 1987 жылы туған. Оған медициналық көмек көрсетілді.

null null null

Соңғы жаңалықтар